10 пайыз: Автонесиелеу бағдарламасының шартына өзгеріс енгізілді

0
98
Photo: Kolesa.kz

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасының шартына ішінара өзгеріс енгізу қаралып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Dauletten инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес Үкімет автонесие жүйесін қайта қарап жатыр. Оның ішінде 4 түрлі пункт бойынша өзгеріс енгізіледі:

  1. Бағдарлама бойынша несие алған қазақстандықтардың толық аты-жөні жарияланады
  2. Көлік алушылар енді 10 пайыз бастапқы жарна төлейтін болады. Бұған дейін несие алушы 0 пайыздық жарнамен алған болатын.
  3. Бюджеттік көліктерге бөлінетін қаражатты көбейту қарастырылып жатыр
  4. Бағдарламаға қатысушылардың несие алу кезінде жалақысы бойынша шектеу қойылады.

“Біз белгілі бір жалақыны белгілейміз деп отырмыз. Кім одан көп жалақы алатын болсы, олар автонесиеге қатыса алмайды. Яғни мұқтаж адамдарға көбірек мүмкіндік жасаймыз”, – дейді индустрия министрі Марат Қарабаев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша осыған дейін халыққа автокөлікті несиелендіру мынадай шарттармен жүзеге асырылды:

– сыйақы мөлшерлемесі 4%;

– бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;

– қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;

– қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

– бастапқы жарна – 0 пайыз

Несиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз