Адамды көшеден сүйреп әскерге алып кету заңға сай ма?

0
35

Әскерге шақыру маусымы аяқталар кезде әскери комиссиарат қызметкерлерінің адам көп жүретін жерлерді торуылдап, жігіттерді әскерге сүйреп әкететіні ел арасында жиі айтылады. Кейбірі “әскерден қашқандарды осылай мәжбүрлеу керек” десе, енді бірі мұны адам құқығын бұзу дейді. Осы орайда заңгер Алексей Бажков мұның заңға сай немесе қайшы екенін айтып берді, деп хабарлайды kazaknews тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Бұл мәселеде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 30-бабында нақты тұжырым жоқ. Онда азаматқа әскерге шақыру қағазын жеке тапсыру мүмкін болмаса, оның келуін қамтамасыз ету құзырлы органға жүктелетіні айтылған.
Бірақ келуін міндеттеу ҚР ӘҚБтК немесе басқа қандай нормалар шеңберінде орындалуы керектігі нақты көрсетілмеген»
, – дейді Алексей Бажков.

Егер полицейлер мен әскери комиссариат қызметкерлері өз әрекеттерін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 647-бабына (Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерін орындамауы) негіздесе, онда барлық іс-әрекет қатаң түрде осы баптың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

«Яғни, әуелі адамды ұстайды, сосын тиісті жерге жеткізеді. Десе де бәрін бірдей ұстай беруге тағы жол берілмейді. Себебі ұстау – іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы ретінде құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе жеке, заңды, лауазымды тұлғалардың жеке бас бостандығын қысқа мерзімді шектеу болып саналады. Бұл санкция тек құқық бұзушыға ғана қолданылады», – дейді заңгер.

Заң бойынша адамның ұсталғаны туралы міндетті түрде хаттама жасалуы қажет.

«Егер ұсталған адамға қандай да бір залал келтірілсе лауазымды тұлға жауап береді. Мұндай әрекеттер болып жатса міндетті түрде шағым түсіру керек. Құқық қорғау органының қызметкері сіздің шағымыңызбен келіспеуі әбден ықтимал. Сондықтан Заңда қалай әрекет ету керектігі нақты жазылмаса, осындай келеңсіздіктер бола береді», – дейді А.Бажков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз