Антикор: 60 000 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

0
160
photo: egemen.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген антикоррупциялық мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталып, мемлекет мүддесіне қайтарылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Сарысу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 шілдедегі шешімімен «БН Экотехнология» ЖШС-на 49 жыл мерзімге 60 000 га жайылымдық жер уақытша пайдалануға берілді. Бұл ауданның барлық жайылымдық алқаптарының 10,2%-ын құрайды.

Алайда бүгінгі күнге дейін «БН Экотехнология» ЖШС мал басын тіркеу жүргізілмеген, демек, жайылымдық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаған.

Осыған байланысты, департаменттің Жамбыл облысы әкіміне 28 шілдедегі жер пайдаланушыдан жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша шаралар қабылдау туралы хаты негізінде 19 тамызда Сарысу ауданының әкімдігі мемлекетке 60 000 га жерді қайтарды”, – делінген хабарламада.

Учаскенің кадастрлық бағалау құны 336,0 млн. теңгені құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз