Атақты “Qatar Airways” әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін ашады

0
80
photo: qatarairways.com

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан мен Катар арасында тұрақты әуе қатынасын ашу мәселесі қарастырылды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Осылайша “Qatar Airways” әуе компаниясы 2021 жылғы 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Қазақстанға тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 ұшақтарымен аптасына 2 рейс, дүйсенбі және жұма күндері орындалады деп жоспарлануда.

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

“Qatar Airways” әуе компаниясы 1997 жылы құрылған. Бүкіл әлем бойынша 160-тан астам тағайындау тіректерін біріктіре отырып, жер шарының алты құрлығына ұшады. А-320/321/350, Б-777/787 үлгісіндегі 200-ден астам ұшағы бар. “Qatar Airways” 2011, 2012, 2015, 2017 және 2019 жылдары Skytrax нұсқасы бойынша әлемнің “бес жұлдызды” әуе компанияларының рейтингіне кірді. Әуе компаниясының 46 мыңнан астам қызметкері бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз