Дәрігер: спорттың салауатты өмірге қатысы жоқ

0
240

Дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский өзінің Youtube арнасында спорт пен дене шынықтыру арасындағы айырмашылықты түсіндірді.

“Спорт – ол жеңіске жету деген мақсаты бар жарыстың түрі, онымен адамдар сайысқа түседі, жарыстарға барады. Спорттың салауатты өмірге қатысы жоқ. Спортсмендердің өзгелерден ұзақ өмір сүру секілді артықшылығы жоқ. Тіпті, профессионалды спортсмендердің спорттық травмалары және денсаулық проблемалары болады.” – деді дәрігер Комаровский.

Комаровскийдің айтуынша, адамдар спорт пен дене шынықтыруды жиі шатастырады. Оның пікірінше, дене шынықтыру – бұл мүлдем басқа мәселе. Адам денсаулығы мықты болуы үшін дене шынықтырумен айналысуы маңызды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз