Президент қазақстандықтарға алғыс айтты

0
16

Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.”, – деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, желіде Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері 3 км қашықтықты тізерлеп өткен видеосы және полиция мен құтқарушылардың боранда азаматтарға көмектесіп жүргені туралы көптеген видеолар тараған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз