Туристік CashBack: Қазақстандықтарға демалысы үшін ақшасының 20 пайызы қайтарылады

0
44

“Kazakh Tourism ҰК” АҚ жүйелі шараларды іске асыру департаментінің директоры Тимур Қожыбековтың айтуынша, 2024 жылы қазақстандықтарға елдегі ішкі турлар құнының 20 пайызын CashBack ретінде қайтару жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

«Бұл үшін ең бастысы туроператорлардан елдің ішіндегі турды сатып алу керек. Біз мұндай жеңілдікті неліктен жасап жатырмыз деген сұраққа жауап берер болсақ, бізге туризмнің экожүйесі толығымен жұмыс істеуі өажет. Біз мұны тек туроператорлар арқылы жасай аламыз», – дейді Тимур Қожыбеков Inbusiness арнасында.

Бұл шаралар жергілікті тұрғындар үшін Қазақстанның көрікті жерлерінің қолжетімділігін арттыруға және ішкі туризмді дамытуды ынталандыруға бағытталған.

Алайда, бизнес өкілдері мұндай шаралар ел ішіндегі турлардың қымбаттауына әкелуі мүмкін деп есептеп, өздерінің келіспеушіліктерін білдіруде.

«Әрине, әркім 20 пайыздан кері алғысы келеді. Менде қазір тікелей 80 пайыз орын брондалған, егер осы 80 пайызы туристік фирмаларға барса, мен оның шығынын з қалтамнан жұмсауға мәжбүр боламын. Дұрыстап ойлансын бұл мәселе туралы. Мұны мен кез-келген бағдарламаға келіп талқылауға дайынмын. Біз туроператорларымызды құрметтейміз, бірақ олар арқылы жұмыс істеуге мәжбүрлеу әділітсіздік», – дейді, Алакөл жағалауындағы Арасан Алакөл және Інжу демалыс базасының ортақ иегері Елена Асылбекова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз