Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

0
114

21 шілде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Сочиде өткен олимпиада ойындарының қола жүлде иегері, танымал фигурист, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Елдің бірегей перзентін ақтық сапарға аттандыруға келген халықтың қарасында шек болмады. Қоштасуға келгендер көз жастарын тыя алмады.

Ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне келгендер қатарында Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы,  ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Н. Жарылғапов, Мәжіліс депутаты С. Сәпиев бар.

Лос-Анджелестен қаралы жиынға боксшы Г. Головкин арнайы келді.

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Д. Теннің ата-анасына арнайы жолдаған көңіл айту хатын оқыды.

Көңіл айту жеделхатын Халықаралық олимпиада комитеті мен отандық олимпиада комитеті басшылары да жолдаған.

informburo.kz

Мәжіліс депутаты С. Сәпиев барша қазақстандық спортшылар атынан Теннің ата-анасына көңіл айтты.

Д. Тен Алматының маңындағы Дружба елді-мекеніндегі зиратқа жерленді.

Елордасы Астанада да аталған уақытта Д. Тенді аза тұту рәсімі өтті. Халық қошеметіне бөленген ел азаматын аза тұтуға келгендер қарасында шек болмады, қала тұрғындары көз жастарын тыя алмай, Теннің суреті ілінген тұғырға гүл шоқтары мен жұмсақ ойыншықтар қалдырды.


19 шілдеде Алматыда Д. Тен өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың қолынан қаза тапты. Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған спортшы ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды. Қылмысқа барған қос күдіктінің кім екендігі айқындалды. Қылмысқа қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз