Нұр-Сұлтанда 16 мамыр мен 15 маусым аралығында бір ай бойы бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жәрмеңке “Тұлпар” сауда үйінің жанындағы алаңда өтеді. Елорда тұрғындары үшін бос жұмыс орындарын жұмысшы кадрларды іздестіріп жатқан 10 жұмыс беруші ұсынды. Бір ай бойы күн сайын жұмыс берушілердің тізімі өзгеріп, жаңа компаниялармен толықтырылады.
“Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығы “пятактағы” азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесін өткізуде. Негізгі мақсат-жұмысшыларға күнделікті жалақы емес, тұрақты жалақы алу үшін ресми жұмысқа орналастыру. Көптеген адамда бүгін жұмыс бар, ал ертең жоқ. Ресми жұмысқа орналастырудың зейнетақы аударымдары, жыл сайынғы ақылы демалыс, медициналық сақтандыру түрінде артықшылықтары бар”, – деді Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.