Ертең – Білім күні: Кейбір мектептер оқушыларды қабылдай алмайды

0
134
№ 86 мектеп-гимназиясының оқушылары

Атырау және Қостанай облысында бірнеше мектеп апаттық жағдайынан және жөндеу жұмыстары әсерінен жаңа оқу жылына дайын емес.

БАҚ көздерінде көрсетілгендей Атырауда 9 мектеп 1 қыркүйекке дайын емес. Оның 7-еуі облыс орталығында болса, екеуі Исатай ауданына тиесілі.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, күрделі жөндеуді қажет еткен мектептерге наурыз айынан бастап жөндеуді бастап, ал оқушыларды қашықтан оқытуға тырысқан. Алайда, бұған рұқсат берілмеген. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына байланысты сол мектептердің оқушылары оқу жылын өзге мектептерде бастауға мәжбүр болған.

Қостанай облысының Аманкелді және Сарыкөл ауданындағы мектепте күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептер білім күніне дайын емес. Дегенмен, сала басшыларының айтуынша, құрылыс жұмыстары оқу үрдісіне әсер етпейді. Балалар жөндеуі аяқталған мектептің екінші қабатында білім алатын болады.

Одан бөлек, Қамысты ауданындағы Адай жалпы білім беру мектебінің 74 оқушысы тозығы жеткен жылу желісінің кесірінен оқу жылын өз мектебінде бастай алмайды.

«Кабинеттерде ақау байқалған батареяларды ауыстырдық. Спорт залдың жылу желісін толық жаңарттық. Енді сол спорт залды ақтап шығу қалды. Сосын жаңа оқу жылына дайын боламыз», – дейді, Адай жалпы білім беру мектебінің директоры Наталья Степанова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз